Популярные тэги

«Ендігі шабуыл жойқын болады»: Трамп Иранға қатаң шарт қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға тағы да қатаң ескерту жасап, Тегеранды шұғыл келіссөз үстеліне шақырды.


29/01/2026
08:26 116 0

Трамптың мәлімдемесі

 

Truth Social әлеуметтік желісінде жазған жазбасында Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы тікелей келіссөз жүргізілмейтін болса, елді жойқын соққы күтіп тұрғанын айтты. Оның сөзінше, АҚШ-тың алдағы ықтимал соққысы 2025 жылдың маусымындағы шабуылдан әлдеқайда жойқын болмақ.

 

Ақ үй басшысы аймаққа USS Abraham Lincoln тасымалдаушысы бастаған ірі әскери-теңіз тобы жіберіліп жатқанын, қажет болған жағдайда ол тапсырмаларды орындауға дайын екенін атап өтті. Трамп Тегеран ядролық қару жасаудан бас тартуды көздейтін келісім жасауға келіседі деген үмітте.

 

«Уақыт аз қалды», – деп жазды Трамп.

 

Еске салайық, бұдан бұрын  Иран тарапы Вашингтонмен келіссөзге келу туралы ұсынысты қабылдамаған. Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи соңғы күндері АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен байланыспағанын және келіссөздер туралы өтініш жібермегенін айтты.

 

Ирандағы наразылықтар

 

Иранда 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бері наразылықтар басылмай тұр. Халық көтерілісі ұлттық валютаның құнсызданып, бағаның көтерілуіне қарсылық білдіруден басталған. Жыл аяғында 1 доллар құны 1,42 млн риалға жеткен. Акциялар көп ұзамай саяси сипат алып, үкіметке қарсы кең ауқымды наразылықтарға ұласты.

 

Ресми дерек бойынша, наразылықтар кезінде күш құрылымдарының қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарды қосқанда 3117 адам қаза тапты. Мерт болған өзге адамдарды Иран билігі «террористер» деп атады. Ал Human Rights Activists News Agency ұйымының дерегінше, көтеріліске қатысқан 5777 адам, күштік құрылымдардың 214 қызметкері, 86 бала және наразылықтарға қатыспаған 49 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

 

Иран басылымдары наразылықтардың ушығуына сыртқы күштер ықпал етті деп айыптады. Тегеран төңірегіндегі шиеліністер аймақта ғана емес, бүкіл әлемде мазасыздықты күшейтіп тұр.

Поделиться

Нет комментариев.

29/01/2026 08:26
116 0

Уведомление